Шикізат секторын, ойын бизнесін, қару-жарақ, темекі және алкоголь өнімдерін өндіруді қоспағанда, өңдеу өнеркәсібіне, АӨК-де қайта өңдеуге және инфрақұрылымға баса назар аудара отырып, экономиканың басым секторлары.
Жоба экспортқа бағытталған болуы тиіс.
Үлестік қаржыландыру (акционерлік капиталдың 49%-на дейін үлестік қатысу)
инвестициялық жобалардың.
Сомасы
— 7 млрд теңгеден және одан жоғары
Мерзімі
— 10 жылға дейін
Өтініш берушінің жобаға меншікті қатысуы
— кемінде 10%.
Нысаналы пайдалану:
негізгі құралдарды сатып алу; құрылыс-монтаж жұмыстары; айналым қаражатын толықтыру.
«Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ еншілес ұйымдары болып табылады.
«Baiterek Venture Fund» АҚ-на және (немесе) «BV Management» ЖШС-не қаржыландыруды ұсынуға өтінімді жіберу, «Baiterek Venture Fund» АҚ-на және (немесе) «BV Management» ЖШС-не қаржыландыруға өтінімді қарау үшін қажетті құжаттарды ұсыну «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның және (немесе) «BV Management» ЖШС-нің өтініш берушіге қаржыландыруды ұсыну бойынша заңды немесе өзге де міндеттемелерін туындатпайды. ҚР АК 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес, азаматтық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмілелерден, сондай-ақ онда көзделмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мәмілелерден туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Осыған байланысты, транзакциялық құжаттар жасалғанға дейін «Baiterek Venture Fund» АҚ-да және (немесе) «BV Management» ЖШС-де қаржыландыруды ұсыну бойынша міндеттемелер жоқ. Сондай-ақ, өтініш беруші қаржыландыру басталғанға дейін белгілі бір шарттарды және өзге де міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда ғана «Baiterek Venture Fund» АҚ-на және (немесе) «BV Management» ЖШС-не транзакциялық құжаттарды жасасу міндетті болып табылатынына назар аударамыз.
Жеке кабинетті пайдалану мақсатына сәйкес рөлді таңдаңыз
"ЭЦҚ мен кіру" батырмасын басыңыз
Авторизация үшін ЭЦҚ сертификатын таңдаңыз
ЭЦҚ сертификатыңызға парольді енгізіңіз
Privacy Notice
Өтініш берушінің жеке кабинетін Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясы (бұдан әрі — QICM Ltd.) ұсынады, ол «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген және АХҚО-ның тиісті органдарымен реттеледі.
Сіздің деректеріңіз Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясымен (АХҚО) және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-мен (бұдан әрі — QIC) (Қазақстан Республикасы) бірлесіп өңделеді. Біз сіздің деректеріңіздің бірлескен бақылаушылары болып табыламыз.
Ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдалану режимінде жұмыс істеп тұр. АХҚО талаптарына сәйкес, мұндай өңдеу жоғары тәуекел деңгейіндегі қызмет ретінде жіктеледі. Компания сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігін АХҚО стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету үшін барлық тиісті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдайды.
01
Біз қандай деректерді жинаймыз
Жеке кабинет арқылы тіркелу және өтінім беру кезінде біз мыналарды жинай аламыз:
QICM Ltd.
Инвестициялық өтінімдерді қабылдау және сараптау, мәмілелерді құрылымдау:
өтініш беруші өкілдерінің Т.А.Ә., лауазымы және байланыс деректері, бірақ онымен шектелмей;
сәйкестендіру үшін қажетті деректер (ЖСН/төлқұжат және т.б., бірақ онымен шектелмей);
компания мен жоба туралы ақпарат (деректемелер, қаржылық есептілік, меншік құрылымы, бірақ онымен шектелмей);
KYC/AML және тәуекелді бағалау мақсатында бенефициарлар мен негізгі тұлғалар туралы деректер, оның ішінде несиелік бюродан алынған мәліметтер мен басқа да қаржылық деректер;
қауіпсіздік пен аудит мақсатында жеке кабинетті пайдалану туралы техникалық ақпарат (IP-мекенжай, кіру және әрекеттер журналы).
QIC
Жеке кабинеттің техникалық қамтамасыз етілуі, Топтың инвестициялық қызметін мониторингтеу және корпоративтік есептілікті қалыптастыру.
02
Деректерді не үшін пайдаланамыз
Сіздің деректеріңіз мына мақсаттар үшін пайдаланылады:
жеке кабинеттегі есептік жазбаңызды тіркеу және басқару;
өтінішіңізді қабылдау, қарау және құрылымдау;
KYC/AML және басқа да комплаенс рәсімдерін жүргізу;
шарттар мен мәмілелерді дайындау және орындау;
реттеушілер мен заңнама талаптарын орындау;
жүйелеріміздің қауіпсіздігі мен дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
03
Өңдеудің құқықтық негіздері
Біз сіздің деректеріңізді мына негіздерде өңдейміз:
Өтінішіңізді қарау қажеттілігі
Заңды міндеттемелерді орындау (KYC/AML және басқа да реттеушілік талаптар)
Тәуекелдерді басқару және құқықтарды қорғау бойынша заңды мүдделеріміз, сіздің құқықтарыңызбен теңгерімде
Сіздің келісіміңіз
04
Деректерді кімге береміз
Сіздің деректеріңіз мыналарға берілуі мүмкін:
жеке кабинетке IT-инфрақұрылымды қамтамасыз ететін және оны қолдайтын ана компаниямыз «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ға; Топтың есептілігін алушы ретінде әрекет ететін «Байтерек» ҰБХ» АҚ-ға, сондай-ақ ЧК QICM Ltd. серіктестеріне;
мәмілелерді құрылымдауға қатысатын банктерге, аудиторларға, заң және қаржы кеңесшілеріне, өзге де серіктестерге;
заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен реттеушілерге.
05
Деректерді сақтау
Деректер «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ серверлерінде сақталады. Сіздің деректеріңіз өтінімді қарау мерзімі және ықтимал мәмілені іске асыру барысында, одан кейін заңнамада және біздің ішкі мұрағаттау ережелерімізде көзделген мерзімдер бойы сақталады.
Деректер Қазақстан Республикасы юрисдикциясында (АХҚО-дан тыс) орналасқан «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ-ға берілетінін ескертеміз. Қазақстан Республикасының юрисдикциясы АХҚО-да барабар қорғау мәртебесі жоқ Үшінші ел ретінде танылғандықтан, беру AIFC Data Protection Regulations талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік шараларын қолдана отырып жүзеге асырылады.
06
Сіздің құқықтарыңыз
Сіздің құқығыңыз бар:
жеке деректеріңізге қолжетімділікті сұрату;
дәл емес немесе ескірген деректерді түзетуді немесе бұғаттауды талап ету;
заңда көзделген жағдайларда деректерді жоюды немесе өңдеуді шектеуді сұрату;
заңды мүдделерге негізделген өңдеудің белгілі бір түрлеріне қарсылық білдіру;
өңдеу келісімге негізделген болса, келісіміңізді кері қайтарып алу;
AIFC Commissioner of Data Protection кеңсесіне шағым беру;
сұрау бойынша өңдеу тәсілі, мақсаттары және деректер санаттары туралы жазбаша растама алу;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар.
Құқықтарыңызды іске асыру үшін бізбен байланысыңыз: